Ар-ұяттан аттамау-адамшылық белгісі!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күні кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда әр қоғам мүшесі жұмыла әрекет еткенде ғана іс нәтиже беретінін қадап айтты. Айналамызда кездесетін кеселдің жолын кесуде жоспарлы әрекеттерге тоқталды. Бұл шешім – қазіргідей күрделі кезеңде әділдікті ту етіп, келеңсіз құбылысты ауыздықтаудың айқын көрінісі. Кеден, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жемқорлықпен күресуге баса мән беру керектігін айта келе, жауапты министрліктерге осы бағыттар бойынша бірқатар міндеттер қойды. Соның ішінде білім беру ісінде өскелең ұрпақ бойына адами асыл қасиеттерді сіңіре тәрбиелеу-ұстаздардың міндеті. Балаларымызға халқымыздың ғасырлар бойына жалғасын тапқан жақсы дәстүрлерін дәріптеп, адал еңбекпен мал табуға баулиық! Ізгі жолдан таймай, адамдықтың ар-ұятынан айнымауға шақырайық!
Адамзатты арлы іске апаратыны-оның саналы қадамы. Сондықтан мемлекетіміздің дамуына үлес қосуда «жайлаған жемқорлыққа» жол бермейік! Ұлт болашағына зиянын тигізетін қоғамның дертін бірге жояйық!