
Бүгінгі, салтанатты жиынға Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы қатысты.
Салтанатты жиын Қазақстан Республкасының Гимнінің орындалуымен ашылды.
Мектеп басшысы Б.Қыстауов мектеп түлектерін, мектеп ұжымын, ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, биылғы жылғы халықаралық, республикалық, облыстық мазмұнды жетістіктерді атап өтті. Мектепті биыл 68 – оқушы аяқтап отыр. Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы өзінің 2022 жылғы түлектерге деген жылы лебізін білдіріп, оқушыларды жетістіктерімен марапаттады. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Аханқызы мектебіміздің жас мамандарын және шығармашыл ұстаздарын марапаттап өтті.
«Алтын белгісіне» үміткер Ковшик Дарья мен «Үздік аттестатқа» үміткер Асқаров Нұрасыл мектеп ұстаздарына өз алғыстарын білдіріп, 11 сынып түлектері би билеп ән орындады.
Жиын соңында «соңғы қоңырау» соғу салтанаты лицей сыныптарының үздік оқушыларына берілді.
Мектеп қабырғасында өткен мазмұнды да әсерлі бүгінгі «Соңғы қоңырау» жиыны жас түлектердің естерінде мәңгілік қаларына сеніміміз мол.