ТИІМДІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
✅2023 жылдың 27 ақпан күні Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының базасында мектепті басқаруда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, тұлғаның сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында «Білім беру үдерісінің сапасын басқарудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында семинар болып өтті.
✅Семинарға 45 мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты. Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерим Аханқызы ашты. Ақпараттық сессия бағыты бойынша, №2 орта мектебінің директоры Б.Мамырбаев «Ұлттық құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі», М.Жылысбаев атындағы №14 орта мектебінің директоры Ж.Мәжибаев «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» және «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі З.Тилешова «Басқарудағы менің табыс формулам» тақырыптарында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, №21 орта мектептің директоры Э.Бекжанова «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылға арналған тұжырымдамасы» атты коучинг жүргізіп, әріптестерімен ой бөлісті.
Мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері заманауи білім беру үлгісінің жаңа тұжырымдамалық негіздері мен мектепті басқаруда білім беру үдерісінің сапасын басқарудың тиімді тәжірибелері туралы құнды мәліметтер алды.