2023 жылдың сәуір айының 27-28 күні «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес мобильдік топ жетекшілерімен бірлескен күндізгі және түнгі рейдтер жүргізілді. Күндізгі рейд барысында мал базар, барлық ойын-сауық орталықтарында, спорттық ойын алаңдарында, мейрамханалар мен кафелерге
кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылардың кешкі уақытта сағат 23.00-06.00 дейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеу, түнгі мезгілде ораза айында ата-анасыз мешітке бармау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық орын алған жоқ.