IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өткізілді
Ауыл мектеп оқушылары арасынан дарынды оқушыны анықтау, оқушылардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәнге қызығушылығын қалыптастыру және шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының грант иегері атануына қолдау көрсету мақсатында, 2021 жылдың 30 наурыз күні №1 жалпы білім беретін мектеп базасында 8 сыныптарға, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейі базасында 9 сыныптарға арналған IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 8 сыныптар бойынша 120 оқушы қатысса, 9 сыныптар бойынша 152 оқушы қатысты. Олимпиада барысында оқушылар IQ тест тапсырып, тренингке қатысты.
Барлық қатысушыларға «IQanat білім қоры» тарапынан естелікке сыйлықтар ұсынылды.
IQanat олимпиадасының қатысушыларына сәттілік тілейміз!