«Open space» форматындағы кабинеттер
Ауданымызда жаңадан енгізілген жаңалықтардың бірі – мекеме басшыларының қызметінің ашықтығы, ата-аналар мен мектепке келушілерді қабылдаудағы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Open space режиміне көшуі.
Осы негізде ауданымыздың бірқатар мектепке дейінгі мекемелері мен №6 жалпы орта білім беретін мектебінің, В. Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі, Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің, И.Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы басшыларының кабинеті «Open space» форматына көшті. Бұл бағыт бойынша белсенді жұмыстар жалғасы мекемеден тыс «Үміт» сарайы» мен «Өркен» балалар шағырмашылығын дамыту орталығында жалғасын тапты.