Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды
«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирдің (екінші) облыстық кезеңіне аудан бойынша 5 білім беру ұйымдарынан 9-17 жас аралығындағы 12 білім алушы 6 санат бойынша қатысты.
Турнирдің мақсаты- инженерлік техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Ауданның білім беру ұйымдарынан қатысқан білім алушылардың барлығы роботтарды құрастыруды және бағдарламалауды, басқа да инновациялық білім беру технологияларын жетік меңгерген.
Облыстық кезеңде И.Трубицын атындағы №17 МГ 5 сынып оқушысы Даулетияр Ерсін «Робо-сумо» санаты бойынша ІІ орын және 10 сынып оқушысы «Лабиринт» санаты бойынша ІІ орынды иеленсе, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары «Сызық бойымен» санаты бойынша Садырмек Даулет, Болат Нұртілеу ІІІ орынды, ал «Лабиринт» санаты бойынша қатысқан 9 сынып білім алушылары Шәпен Нүркен, Бахтиярұлы Бектолат І орынды иеленіп, мамыр айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.