Попечительский совет
Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп басшыларының 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп беруі
№44
№39
№35
№34
№33
2020-2021 жылындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебіндегі қамқоршылық кеңес отырысын
ХАТТАМАСЫ №10
Қазақ дихан ауылы: 30.04.2021 жыл
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Төрағаның аты-жөні Е.Ниязбеков
Хатшының аты-жөні А.Советова
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері – 5,№33 жалпы білім беретін мектебінің директоры З.Қ.Ниязбекова, ата -ана 6-11 сынып оқушының
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
- №33жалпы білім беретін мектебіндегі мектеп директоры З.Қ.Ниязбекованың 2020-2021 жылындағы атқарылған жылдық есебі.
- Ата-аналарман ҰБТ туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу
- Білім алушылардың ҰБТ мәселесі, түлектерге арналған кешті болмайтындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша:№33 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры З.Қ.Ниязбекова өзінің жылдық есебінде мектепті оқу жылының басында 100 білім алушымен бастап, оқу жылын
99 білім алушымен аяқтағанын айтып өтті.Биылғы оқу жылын 68,2 % білім сапасымен аяқтағанын,білім алушылардың 15-і оқу үздіктері,45-і екпінділер екенін айта кетті.Мектебіміздің 70 % мұғалімдері аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып,жүлделі орындарды иеленгені қуантады –деді мектеп басшысы.Мектеп оқушылары да өз білімдерімен қашықтық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып,мектеп жетістіктеріне өз үлестерін қосты.Оқу жылының барысында әлемді жайлаған індет қашықтықтан оқытуға мүмкіндік туғызды. Пандемия – адам денсаулығына,өміріне қауіп төндіретін қатерлі індет болғандықтан бүгінгі отырыс дәстүрлі өтіп жатқанын айтты.Мектеп әкімшілі тарапынан аз қамтылған бір отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткені туралы да айта кетті.Сондай-ақ мектептің тәрбие завучі,әлеуметтік педагог,мектеп психологы аз қамтылған отбасыларымен күнделікті хабарласып,жағдайларын біліп тұрды.Әр сынып жетекші өз сыныптарымен күнде пандемияға қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,сынып сағаттарын өтіп өтырды.Мектептің жасалып отырған жұмыстарының нәтижесі мұғалімдер мен ата-ананың арасындағы ұйымшылдығы мен қажырлы еңбегі – деп аяқтады сөзін мектеп басшысы.
2-ші мәселе бойынша: Ата-аналарға ескертіліп және карантинге байланысты талаптардың орындалуы мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алатынын да айта кетті.Сонымен қатар салтанатты жиыннан соң дастархан жасауға,тауға шығуға,мейрамхана,үйде жиылуға болмайтындығы туралы қатаң ескертілетінін де айтып өтті.
3-ші мәселе бойынша: Мектеп түлектерінің ақылы және грант барысында өтетін ҰБТ-ге білім алушыларды тасымалдау,сонымен қатар олардың өмірі мен жол қауіпсіздігіне жауапкершілікті ата-аналарының өздерінің қамтамасыз етуі міндетті екенін ескертетіні туралы өз сөзінде айтып өтті мектеп басшысы.Биылғы оқу жылында 11-сыныпта 6 оқушы аяқтап отырғанын,оларды мамыр айындағы ҰБТ-ға түгел қатысатынын да айта кетті.Олардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығы мектеп ұстаздары үшін өте маңызды,сондықтан 11-сынып ата-аналарына сынып сағаттарында нұсқаулықтар берілгенін атап өтемеін-деп сөзін аяқтады мектеп басшысы.
Қабылданған қаулы:
1.№33 жалпы орта білім беретін мектебінің жұмысы одан әрі жандандырылсын.
2. Қамқоршылық кеңесінің жаңа оқу жылына қойып отырған міндеттері өз деңгейінде жүргізілсін.
3. №33 жалпы орта білім беретін мектебіндегі мектеп директорының 2020-2021 жылындағы атқарылған жылдық есебі қанағаттанарлық деп табылсын
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Ниязбеков Е
Қамқоршылық кеңестің мүшелері Райымбаева А
Айдарбекова Ж
Дабылбеков Сьезбек
Даулетбаев А
Акимов К
№28
№28 ЖОББМ Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп
директорының есебі 2020-2021 оқу жылы бойынша
№28 орта мектеп директоры Сулейманкулова Куляим Кушербаевна сөз алды.
1.Мен басшылық етіп отырған мектептің негізі 1958 жылы сегізжылдық мектеп болып қаланған. 1991 жылдан орта мектеп болып қайта құрылды.2015жылы жаңа мектепке көшірілді.Қазіргі таңда мектеп қaбырғасында 234 oқушы білім алуда. Оның ішінде 116қыз бала, 117 ұл бaла. Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 14/1, 1 (мекталды) сынып комплектісі бар.Оқыту тек бір тілде , мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі. Мектепте 18 оқу кaбинетi бар, 1- мультимедия кабинеті, өткен 3-кабинетке және акт залына мультимедиялық қондырғы орнатылды. Биылғы оқу жылында робототехника жабдықтары келді, толық емес. Мектеп оқушылары 37 компьютермен қамтылған, 6 балаға 1компьютерден келеді. Әр педагогқа бір компьютерден келеді.
Мектепте сaбақ екі аyысымдa өтедi. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны-64, оның 41-педагог қызметкерлер, 2-педагог денсаулығына байланысты ақысыз демалыста, 3-педогог декреттік демалыста, 26- кіші қызметкерлер(3қызметкер аусымдық жұмыс атқарады. Кадр жетіспеушілігіне байланысты 1 мұғалім қосалқы атқару бойынша математика пәнінен , 3- зейнеткер ұзартылған енбек шарты бойынша жұмыс атқарады.(математика, орыс тілі, химия) Орыс тілі, ағылшын тілі, математика, химия пәндеріне мамандар тапшы.АББ-не сұраныс берілген.
- Оқу жылының басында қызметкерлермен бір жылдық енбек шарты жасалынып, таныстырылды. Мектепте еңбек қатынастарын реттеу ұжымдық –әріптестік келісім шарт мазмұнымен таныстырылып , хаттама толтырылды.
Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі тарифтик кестеге сай бөлінеді. Мектепке 553 сағат бөлінген, барлық мұғалімге шаққанда 18 сағаттан бөлініп тұр. Мектепте оқу пәндері бойынша 4-бірлестік, тәрбие саласы бойынша 2-бірлестік жұмыс атқарады. Мектепте 26-кіші қызметкер жұмыс атқарады,оның 3-і маусымдық жұмыс атқарады. Былтырғы оқу жылында білім сапасы 67,5% көрсетсе, биылғы оқу жылында 1-тоқсанда 67,6% білім сапасын көрсетті . Сағат санының жетіспеушілігіне байланысты өзін өзі тану пәнінің мұғалімі өз еркімен босатылды. Сағат жүктемелері төмендегідей бөлінді
9-16сағат 4 мұғалім
18-23 сағат 22мұғалім
24- жоғары 3мұғалім
–директор, завуч-2, психолог-1, әлеуметтік педагог-1, тәлімгер-1, АӘПЖ-1, худ.рук-1;
- Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту- басты міндетіміз. Қазіргі таңда білім беру саласында оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға баса назар аударылуда. Сондықтан мектебіміз « Заманауи педагогикалық технологияларды және жаңаша оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізуде.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайына көшуге байланысты мұғалімдердің, ғылыми-теориялық тұрғыда білім жетілдіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып, сенбі күндері жоспарлы өткізіліп тұрады. Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында білімін жетілдіру курстарынан өтілуін толық қамтамасыз етіп келеміз.
Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жоспарлы жүргізіледі.Ұжымда 5-мұғалім, екі әкімшілік қызметкері деңгейлік оқу бағдарламасын бітірген, 2-мұғалім үштілді деңгейлік курсты бітірді. Жанартылған білім мазмұны бойынша 4- мұғалім курстан өтпеген, қалған 33-педагогтар, яғни 90% өз білімдерін көтерді . Мектеп тренерлері, шығармашыл ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің кәсіби өсуіне көмек беруде. Әр сенбі ұстаздардың шығармашылықпен жүмыс істейтін күні. Сенбі күні жоспарға сай коучинг, семинар практикум өткізіліп, педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп кәсіби деңгейлерін арттырады.Мектепте қызметкерлердің аттестаттау тәртібі сақталады. Педагог қызметкерлер жаңа форматта аттестаттаудан өтіп біліктілік санатын дәлелдеді.3-сарапшы, 3-мадератор.
- Оқу жылының басында мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ кестесі, ауысым кестесі, еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтары және мекеме Жарғысымен жүктелген міндеттемелер таныстырылып , бекітілді. Мектеп ішіндегі кезекшілік кестесі де бекітілген, қадағаланып отырады. Мектеп ғимаратында 11 бейне бақылау орнатылған,сапасы төмен . Білімгерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Мектепте кезекшілік кестесі
- Қызметкерлердің еңбек ақысы ай сайын кешіктірілмей лауазымдық жалақыға және сәйкестендірген санаттары үшін белгіленген разряд бойынша төленеді. Туындаған сұрақтар мектеп есепшісімен түсіндіріледі.
6.Қызметшілер мен педагогтарға лауазымдық міндетін жауапкешілікпен атқарғаны, шығармашылық белсенділігі үшін алғыс жариялау , мақтау қағазымен марапаттау үшін АББ-не ұсыныс беріледі.
7.Мектепте оқу жылының басында кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, бекітілді.Қызметкерлермен таныстырылып, инструктаждық журналдар жүргізіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс атқарады. Жылына бір рет тегін дәрігерлік тексеруден 100% өтеді.
Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айынан бастап өз таңдауы бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағдардағы сыныптарға оқушыларды өтініштерімен отырғызылды.
Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша арнайы кабинет ашылған. Кабинетте жаратылыстану, гуманитарлық, технологиялық бағытқа байланысты қабырға стендтері жасалынған.
Сонымен қатыр, мектебіміздің мұғалімдері мен білім алушылары арасында халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға қатысып жүлделі орын иеленітдігі туралы айтылды. Бүгінгі күнге білім алушылар арасында пәндік бағыттағы конкурстар ғана емес спорттық, өнер саласындағы да көптеген жетістіктерге тоқталып өтті.
Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс шаралар мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар тынгылықты атқарылады ., Бүгінгі күнге мектебімізде полиция бөлімінде оқушы тіркелмеген, мектепішілік бақылауда есепте түнгі рейдте 3 оқушы сағат 22-00 ден кейін ұсталып, есепке алынды. Мектеп психологы, тәрбие завучы мен мектеп инспекторы бірлесіп құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар атқаруда.
№23
№22
№21
№20
№19
№18
№17
№16
№15
№14
№13
№12
№11
№9
№8
№7
№6
№3
№2
№1
«БҮЛДІРШІН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ №2 ХАТТАМАСЫ
СЫПАТАЙ ӘЛІБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ КАММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ №3 ХАТТАМАСЫ
«ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН КЕШКІ МЕКТЕБІ» КАММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ №2 ХАТТАМАСЫ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №20 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ КАММУНАЛДЫҚ МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ №2 ХАТТАМАСЫ