VIII Халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпазы
2021 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында дәстүрлі VIII Халықаралық шығармашылық байқауы өтті.
Аталаған байқауға Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Байболатов Алибек Бекниязұлы қатысып, өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін таныта білді. Шығармашылық ізденіс нәтижесінде Алибек Бекниязұлы III орын жүлдегері атанды. Сонымен қатар VIII Халықаралық шығармашылық байқаудың облыстық команда есебінде II орын, «Үздік нәтиже» дипломымен марапатталды