Алтынбаева Айгерім Аханқызы
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Айгерім Аханқызы 1986 жылы 04 ақпанда Меркі ауданы Сұрат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Тараз қаласындағы №30 орта мектепте арнаулы топ мұғалімі болып бастаған.
2007-2011 жылдары Тараз қаласындағы №53 орта мектепте педагог-психолог, 2011-2013 жылдары №5 Ақарал орта мектебінде әлеуметтік педагог, өзін өзітану пәнінің мұғалімі,
2013-2017 жылдары №5 Ақарал орта мектебінде директордың оқу-әдістемелік ісіжөніндегі орынбасары,
2017-2020 жылдары №1 жалпы білім беретін мектептің директоры лауазымын атқарды.
«НұрОтан» партиясының мүшесі. Отбасында 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіруде.