«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
2022 жылы 18 қараша күні Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің базасында Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу мақсатында аудан көлемінде 30 жалпы білім беретін мектептерден 5 сыныптар бойынша 28 оқушы, 6 сыныптар бойынша 32 оқушы, барлығы 60 оқушы өз білімдерін сынады. Аталған байқау қорытындысы бойынша білім дағдыларын көрсете біліп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!