
Меркі ауданындағы білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының 3-тоқсанында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының ерекшеліктері туралы төмендегіні хабарлаймыз:

Қашықтықтан оқыту форматына білім алушылар саны 600-ден асатын барлық аудан мектептері ауыстырылады. Бұл ретте 600 – ден астам оқушы оқитын аудан мектептерінің әкімшіліктеріне 1-4, 9,11 сыныптарда штаттық форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.

Білім алушылар саны 600 оқушыға дейінгі аудан мектептері штаттық форматта жұмысын жалғастыра береді. Оқытуды штаттық форматта ұйымдастыру кезінде «бір кабинет – бір сынып» қағидатын сақталады.

Мектептен тыс ұйымдарда штаттық режимде оқытуға жеке сабақтар кезінде, топтық – 10 адамға дейін, кемтар балаларға/ересектерге арналған түзету кабинеттерде (орталықтарда) 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.

Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі штаттық режимде жалғасады.
Негіздеме: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 15.01.2022 жылғы №18-2/62 хаты.