«Аудандық слёт – өз мәресіне жетті!»
2022 жылдың 11 сәіурі күні Сарымолдаев ауылы «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының базасында, 2021 – 2022 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Халық қаhарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған аудандық «Жас қозғалыс инспекторлары» XXI слеті өткізілді. Слетқа барылығы 11 жасақ қатысып, өздерінің дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі І орынды «Иван Трубицын» атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы, ІІ орынға №44 жалпы орта білім беретін мектебі ие болса, ІІІ орынды М.Жылысбаев атындағы №14 және В.Савва атындағы №9 мектептердің жасақтары иеленді. Сонымен қатар 6 номинация бойынша үздік жас қозғалыс инспекторлары бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалған жасақтар алғыс хатқа ие болды.