Аудандық «Қайсар» жас полиция көмекшілері» байқауы өтті
Меркі ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21 сәуір күні ауданның білім беру ұйымдары арасында «Қайсар» жас полиция көмекшілері» атты сырттай байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың құқық қорғау органдарының жұмысына қызығушылықтарын арттыру, мамандық таңдауда көмек көрсету болып табылады.
«Қайсар» жас полиция көмекшілерінің сырттай байқауының аудандық кезеңіне А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясы, №16, №17, №20, №21, №22, №30, №39 жалпы орта білім беретін мектептерінің құқықтық тәрбие орынбасарлары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша №17 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары Л.Шидакова бас жүлде, А.Асқаров мектеп-гимназиясы құқықтық тәрбие орынбасары А. Таукебаева І дәрежелі диплом, Т. Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары А. Онланбекова ІІ дәрежелі дипломмен, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары А. Пусырова ІІ дәрежелі диплом, #21 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары Ж.Жакипбекова ІІІ дәрежелі диплом, №22 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары П.Батырбекова ІІІ дәрежелі диплом, №30 жалпы орта білім беретін мектебінің құқықтық тәрбие орынбасары Ж. Едилова ІІІ дәрежелі диплом, Т. Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы құқықтық тәрбие орынбасары А.Жумагулов ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Ауданның №17,№16,№20 А. Асқаров атындағы мектеп-гимназиясының директорының құқықтық тәрбие орынбасарлары облыстық кезеңге жолдама алды.