Аудандық «Үздік педагог» атағын беру конкурсының кезеңінің өткізілуі туралы
Меркі ауданының білім бөлімі Білім және ғылым министірінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылдың қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығын орындау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес 2022 жылдың қыркүйек айында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық I кезеңін өткізеді.
«Үздік педагог» атағын білім беру ұйымдарының педагогтарына жыл сайын конкурстық негізде беріледі. «Үздік педагог» атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтары болып табылатын және Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады.
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
- Конкурстың I кезеңі-аудандық (қалалық), 2022 жылдың қыркүйек айында өткізіледі, онда II кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.
- Конкурстың II кезеңі –облыстық, 2022 жылдың қыркүйек айында өткізіледі, онда III кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.
- Конкурстың III кезеңі-республикалық, 2022 жылдың қараша айында өткізіледі.
- Конкурстың I кезеңін өткізу туралы хабарландыруды Меркі аудандық білім бөлімі БАҚ-да жариялайды, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің merki-bilim.kz сайтында орналастырады, сондай-ақ бөлімнің Интернет-ресурсында Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде орналастырады.
- Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Конкурс қатысушылары өздері құжаттарды (материалдарды) Министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктейді.
- Ұсынылған құжаттарда (материалдарда) плагиат анықталған жағдайда Комиссия педагогке Конкурстың келесі кезеңінен шеттетілгені туралы хабарлайды. Еркін нысанда хабарлама педагогтің жұмыс орны бойынша білім беру ұйымына жіберіледі.
- Конкурстың І кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін аудан деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады, оның құрамы ауданның білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі (бұдан ары-I кезеңнің Өңірлік комиссиясы).
- I кезеңнің Өңірлік комиссиясы ауданның білім бөлімі (бұдан ары- білім бөлімі) қызметкерлерінен, педагог-зерттеушілерден, педагог шеберлерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшылары), сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
- I кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жиырма адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.
- I кезеңнің Өңірлік комиссияның төрағасы мен төраға орынбасары I кезеңнің Өңірлік комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Өңірлік комиссияның хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және білім бөлімінің басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның актiсiмен тағайындалады, I кезеңнің Өңірлік комиссияның хатшысы оның мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.
- I кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың І кезеңіне қатысушыларының конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалайды.
- I кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың I кезеңі жеңімпаздарының құжаттарын (материалдарын) және Министірліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылған материалдарды қарайды.
- Конкурстың I кезеңін бағалау тетіктері:
- І кезеңнің Өңірлік комиссияларының мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
- Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
- топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын (материалдарын) бағалайды;
- бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес І кезеңнің Өңірлік комиссиясының барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;
- І кезеңнің Өңірлік комиссиясы тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
- Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
- І кезеңнің Өңірлік комиссиясы отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған Конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде І кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешім қабылдайды;
- Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім
І кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады; - І кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Конкурсқа қатысушы І кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, І кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
- І кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10-ға дейін Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады.
- Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына ауданның «Үздік педагогі» атағы беріледі және қаржылай сертификат тапсырылады.
- Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ білім бөлімінің ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
- Конкурстың І кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар
II кезеңге қатысуға жіберіледі.