Ауданның білім беру мекемелерінің мектеп басшылары арасында семинар-тренингі
Бүгін, 2021 жылдың 20 қазан күні №5 Ақарал мектеп –гимназиясының базасында ауданның білім беру мекемелерінің мектеп басшылары арасында семинар-тренинг болып өтті. Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Аханқызы семинардың ашылу салтанатында спикерлер мен қатысушыларға дискуссия кезеңінің қызықты да сауатты өткізілуіне сәттілік тіледі.
№5 Ақарал мектеп-гимназиясының директоры Қойшыманова Нурила Сейсембайқызы семинар-тренингтің шартын, міндеті мен мақсатын толық түсіндіріп, қатысушыларға көрсетілген бейнежазбаға пікір білдіріп, қателіктерді айқындап, мекеме басшыларының құқықтары мен міндеттерін, тығырықтан шығу жолдарын айқындау қажеттігіне тоқталып өтті. Семинарға қатысушылар 6 топқа бөлініп, ұжымдасқан түрде берілген тапсырмаларды орындады.
Әдеп кеңесінің жұмысын жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдары басшыларының «Педагог мәртебесі» туралы Заң аясында нормативтік-құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру және білім саласында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, арыз-шағымдардың алдын алуға бағытталған дискуссия барысында қатысушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Әрі қарай берілген тапсырманы аяқтаған топ мүшелері ортаға шығып дәлелдемелер арқылы өз ойларын ортаға салды. Барлық топ мүшелері жаппай «Мектеп мәдениетінің бейнесі» сауалнамасына жауап берді.
Семинар соңында №5 Ақарал мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова «Білім беру ұйымдарында «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» жұмысын ұйымдастыру» атты презентациясын ұсынды.