Ауыл мектептеріне арналған Республикалық «IQanat» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы жылдың 7-11 мамыр күндері аралығында ауыл мектептеріне арналған Республикалық «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.
Ауылдық мектеп оқушыларына ұйымдастырылған слетке барлығы 700-ге жуық ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысып, 7 пән бойынша олимпиаданың 21 жеңімпазы анықталды (математика, физика, химия, биология, география, тарих және тілдік бағыттар бойынша).
Аталған олимпиадаға Жамбыл облысының 10 ауданынан 40 оқушы қатысты. Алдағы 2 жыл бойы осы 40 оқушы «IQanat» білім қорының қолдауымен ұлттық бірыңғай тестілеуге EDUCON қосымша білім беру компаниясының көмегімен EDUWEY платформасында тегін дайындалатын болады.
Олимпиаданың үшінші кезеңінде жоғары ұпай жинаған 300 оқушы Бурабайда орналасқан «IQanat Kazakh-English High School» мектебіне түсу үшін іріктеуден өтіп, мектептің оқу грантын жеңіп алу үшін тест тапсырмаларын орындады.
Іріктеуге облыстың 20 оқушысы қатысып, 7 оқушы іріктеу конкурсынан өтті. Олардың ішінде Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицей оқушылары Рашид Аяна және Әсілбек Жанеля да бар. Осы оқушылар Бурабайда орналасқан «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде жаңа оқу жылынан бастап білім алатын болады.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!