ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 1-8 сыныптарға арналған жолда жүру ережесі мен жол қауіпсіздігі негіздерін оқыту бағдарламасын бекіту туралы» 2007 жылғы 24 тамыздағы №404 бұйрығына сәйкес, аудан мектептерінде оқушыларға жолда жүру ережелері және жол қауіпсіздігі негіздері, сынып жетекшілерінің күнтізелік жоспарларына сәйкес жүргізілуде.
Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімінің және Жамбыл облысы полиция департаментінің Меркі ауданының полиция бөлімінің өзара бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 25 сәуір- 20 мамыр аралығында «Абайлаңыз – балалар!» кешенді жедел алдын алу іс-шарасы және 2022 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты аудандық айлықтар жарияланған болатын. Акциялардың мақсаты көмелетке толмағандар арасында жол көлік оқиғаларын алдын алу және олардың ата-аналары арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізу.