Білімді мыңды жығады
26-30 сәуір күндері аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша республикалық олимпиада болып өтті. Ең талантты, дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік беретін олимпиада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып Тараз қаласындағы «Ustudy» ЖШС-ның базасында өткізілді.
Республикалық олимпиадаға Меркі ауданынан 4 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиада нәтижесінде Иван Трубицын атындағы №17жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ярных Ксения орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Тохтағұл Дина Қазақстан тарихы пәнінен терең білімімен ерекшеленіп жүлделі І орынға ие болды.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!!!