
Аудандық тамыз кеңесіне Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қ.Арғынбаев, «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Назима Жұбандықова, Еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар қатысты.

Кеңес барысында Меркі ауданы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып өттім.

Білім беру мекемелеріндегі жүргізіліп жатқан ағымды және күрделі жөндеу мен кезекті құрылысты қажет ететін мекемелер туралы Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қ.Арғынбаев тоқталып өтті.

Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен жаңа оқу жылына қойылған міндеттер тоқталды;

Отырыстың соңында аудандағы білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін мектеп қызметкерлері мен ең жоғары нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары марапатталды.