БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін білім бөліміне қарасты мекемелердің басшылары қатысуымен білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес өткізілді. Жиын барысында ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің дұрыс толтырылуы, мектебі жоқ елді мекендердегі оқушылар тасымалы, жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту жайы және ғылыми жобалар жарысының қорытындысы, спорт залы жоқ мектептер, 2022 жылы жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды қосымша біліммен, спорт үйірмелерімен қамту, мектептердің бейне бақылау камераларын полиция бөлімдерінің жедел басқару орталықтарына интеграциялау, «Дабыл түймелерін» және турникеттерді орнату, мектептерді «Мамандандырылған күзет» қызметімен қамтамасыз ету жұмыстарының жағдайы туралы талқыланды.
Білім беру мекемелерінің Жарғыларын жаңа редакцияда әзірлеп, қаулы бекіту жұмыстары да назардан тыс қалмады.
Жиын соңында бірқатар мектеп басшылары марапатталды. «Үздік инновациялық мектеп» байқауының жеңімпазы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Г.Тлеубердиева, мектеп директорлары арасында өткізілген аудандық «Табысты менеджер» байқауының жеңімпаздары: Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Б.Бектурганов, №6 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Б.Меңілбеков, №13 жалпы орта білім беретін мектеп директоры К.Боржықов, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Б.Қыстауов марапатталып, ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Сондай- ақ, республикалық «Бақытты балалық шақ» асфальтқа сурет салу байқауында Жамбыл облысының намысын қорғап «Ең үздік композиция» номинациясының жеңімпазы Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Атабеков Мұрагер Жомартұлы дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды.