Бөбекжай-бақшалардың тыныс-тіршілігі
2021 жылдың 28 сәуір күні аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева «Балдәурен» және «Балдырған»бөбекжай-бақшаларында болып, оқу-тәрбие үрдісімен және мекеменің жалпы жағдайымен танысты. Бөбекжай-бақшаларының заманауи талаптарға сай безендірілуіне, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайына, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына және бөбекжайдағы бүлдіршіндердің талапқа сай тамақтануына баса назар аударды. Сонымен қатар бөбекжай-бақшаларындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдаймен және психологиялық қызмет барысымен танысты.
Мекеме айналасын абаттандыру мен көгеріштендіру жұмыстарын жалғастыруға тапсырмалар берді.