«Дарын-жанып тұрған жалын» тақырыбында аудандық семинар өтті
2023 жылдың 12 мамыр күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарын- жанып тұрған жалын» тақырыбында Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (р/о) базасында семинар өткізілді. Оқушылардың бойындағы қабілетін дәріптеп, оның одан әрі дамуына қолдау көрсету және оқушының дарынын ашуда мұғалімнің ізденісі мен іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында өткен семинарға мектеп директорының ғылыми ісі жөіндегі орынбасарлары, ата- аналар және дарынды оқушылар қатысты.
«Мен өз әлемімді жасаймын» атты шығармашылық алаңда мектептің дарынды оқушыларының жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, оқушылар өз жұмыстарымен таныстырды.
«Дарын- жанып тұрған жалын» тақырыбындағы екінші бөлімде магниттік мектептерден қонақ ретінде шақырылған «Азия жұлдыздары-2023» байқауының бас жүлде иегері №34 мектептің 9-сынып оқушысы Төстік Таңнұр, облыстық «Абай оқулары», «Мұқағали оқуларының» жеңімпазы №35 мектептің оқушысы Бейсенбек Гүлайым және мектептің дарынды оқушылары облыстық олимпиада жүлдегері, әрі домбырашы Сандық Балжан, көркемсөз оқу шебері Әжіхан Айбану қойылған сауалдарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетсе, олардың ата- аналары өз тараптарынан балаларына қолдау көрсетіп отыратынын, мектеп ұстаздарымен тығыз байланыста болатынын айтып, шәкірттерді тәрбиелеп отырған мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Үшінші бөлім «Жарқырайды жұлдыздар» бенифис-шоуымен жалғасын тауып, дарынды балалардың ұстаздары бала дарынын ашудағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ашық алаң мектеп оқушыларының шебер орындаған сахналық қойылымымен жалғасып, дарынды оқушылар шеруімен аяқталды.
Іс- шара соңында дарынды балалармен жұмыстың жылдық қорытындысы шығарылып, келесі оқу жылына міндеттер белгіленді.

