Елбасы медалімен марапатталды
Бүгін аудан әкімі Руслан Нұрсипатов ауданның білім ордаларындағы республика көлемінде «Үздік» деп танылған оқушыларды марапаттады. Кездесу барысында аудан әкімі білімділердің ішінде оза шапқан оқушыларды құттықтап, тек білімді ғана өз дегеніне жететінін айтты. Жалпы бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасына 463 қатысушы тіркелген. Оның ішінде: «Алтын медаль» – 95 оқушы, «Күміс медаль» – 51 оқушы, «Қола медаль» – 317 оқушы қамтылды.
Қазіргі кезде, «Қола медаль» деңгейі аяқталып, нәтижесі бойынша Меркі ауданынан 7 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанды, олар:
1. №17 Иван Трубицын атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушылары Жексенбиева Ұлғаным Жетпісқызы,
2. Горькийқызы Толғанай,
3. Сейтқазы Ұлдана Ғабитқызы,
4. №9 Владимир Савва атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Сейтқазиева Алина Абзалқызы.
5. №11 Әмеди Хасенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Құлмаханбетқызы Бибінұр.
6. №20 Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Махтабай Ұлдана.
7. №30 Мақсұт Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбек Айша Досжанқызы марапатталды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатын, жарқын болашағымыздың кепілі – жастар екенін айтып, осындай ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ата-аналар атынан сөйлеуге Сейтқазиева Алинаның анасы Үміт Утепбергеноваға берді. Ол сөзінде ұстаздар қауымы мен аудан әкіміне алғысын білдіріп, Елбасы медалі иегерлеріне толағай табыстар мен кемел келешек тіледі.