«Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының тиімділігі «тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 мамыр күні Меркі ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде ауданаралық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің құқықтық тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 207 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Меркі ауданының N16 мектептің құқықтық тәрбие орынбасары А.Пусырова «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарын үйлестірудің жолдары» тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ашық пікіралмасу аланы өткізіліп қатысушылар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың мектептен тыс уақыттарының дұрыс ұйымдастыруы, өзінің және өзгенің құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу бойынша әдістемелік көмектер алды.