Жас мамандарға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету
2021 жылдың 3 наурызында №1жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы базасында Меркі аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес жас мамандарға педагогикалық- психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 10 жас маман (педагог-психолог) қатысты.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Ж. Қасымова жас мамандармен психодиагностикалық бағытында оқушылар арасында жүргізілетін сауалнама, тест жұмыстарының қорытынды нәтижесі бойынша анықталынған оқушылармен психокоррекциялық жұмыстарды көрсетуде тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау, жүйелі жұмыс жүргізу туралы түсіндірді.
Сонымыен қатар Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектептің психологтары Назаралиева А.Т., Исаева Н.З. , №21 жалпы орта білім беретін мектеп психологы Назаркулова А.С. оқушылармен топтық және жеке кеңес беру бағытындағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық жұмыс ретінде мандала терапиясы, метофоралық ассоциативті картамен жеке оқушымен қалай жұмыс жасау, әдістерімен бөлісті.