Жас техниктер жарысы
Меркі ауданы білім бөлімінің және «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын, техникалық ізденісін дамыту мақсатында жас техниктер мен өнертапқыштардың Республикалық жарысының аудандық кезеңі өткізілді.
Аудан мектептерінің жас техниктері мен өнертапқыштары өздерінің жасаған шығармашылық жұмыстарының көрмесін көпшілікке ұсынса, «Өркен» орталығының білім алушылары зымыран, кеме, көлік, әуемоделдерінің жарыстарына қатысты.
Жарыс жеңімпаздарын аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева арнайы дипломдармен марапаттап, облыстық кезеңге жолдама алған «Өркен» орталығының білім алушыларына жетістіктер қоржынын толықтыру тілегін айтты.