Жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауы
2020 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен жастардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, дарынды жас ғалымдарды қолдау, өңірдегі жастардың ғылыми сарапшылық әлеуетін арттыру және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауының қорытындысы шықты. Облыс бойынша 60-қа жуық жас зерттеушілер қатысқан байқауда ауданымыздың Темірбек Қожакеев атындағы №39 мектеп- гимназиясының тарих пәні мұғалімі Исакулова Дариғаның жұмысы үздік деп танылып, жүлделі І орынды иеленді. Дариғаны жеңісімен құттықтаймыз!