«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыс жүйесі» атты аудандық семинар өтті
2023 жылдың 24 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ауданның Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыс жүйесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның мақсаты: Құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау іс-қимылдарын әлеуметтік сүйемелдеумен қамтамасыз ету арқылы оқу-тәрбие процесін белгіленген тәртіп бойынша құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда құқықтық тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Семинар барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында оқушылардың әзірлеген бейнеролигі көрсетілді. Келесі кезекте «Оқушының психологиялық-педагогикалық даму мінездемесі» даралық картасы бойынша педагог-психолог маман Талпакова А.С өз тәжірибесімен бөлісті. «Табиғат немесе тәрбие, адамға қажеттілік ирархиясы» тақырыбында мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жұмағұлов өз баяндамасын оқыды, «Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының нәтижесі» психологиялық эксперимент жұмысын мектеп психологы Асубаева Г.А, «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында Ниязкулова А.Н мектепішілік дебат клубының жұмысын көрсетті. Семинар-практикум барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» бейнеролик бойынша талқылау, пікір-алмасу, кері байланыс беріліп, семинар-практикум өз дәрежесінде өтілді.