Мектептік тамақтандыру
Ведомствоаралық сараптама тобын құру туралы
Мектептегі тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомтсвоаралық сараптамалық топ қызметінің жоспары
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша |
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – портал);
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), білім беру ұйымындарына немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
- Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туылғанын, некеге тұруды немесе бұзуды куәландыратын құжаттар туралы («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы, көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығы туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
- Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтаманы (бұдан әрі-анықтама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
- Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және анықтаманы алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органның басшысына ____________________________ ___________________________ ____________________________ өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмірі, мына мекенжайы бойынша тұратын: ____________________________ (елді мекен атауы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны) |
Өтініш
Менің кәмелет жасқа толмаған_______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері)
(мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін
тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
тізіміне қосуды сұраймын.
«___» _____________20__ жыл азаматтың (азаматшаның) қолы
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | ||
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) білім беру ұйымдары; 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут. |
||
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде | ||
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады. |
||
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері | Тегін | ||
7 | Жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында; 2) www.egov.kz порталында орналасқан. |
||
8 | Құжаттардың тізбесі | көрсетілетін қызметті берушіге: 1өтініш; 2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет); 4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі; 5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама); отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. порталда: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі; 3) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі; 4) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама); отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. |
||
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. |
||
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. | ||
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
||||
Нысан | ||||
Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама
Осы анықтама ____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда))
20__ – 20__ оқу жылында тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен
қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне
енгізілгендігі үшін берілді.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының, облыстық маңызы бар
аудандар мен қалалардың жергілікті
атқарушы органдары басшысының қолы, күні
______________________________
Мөрдің орны
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар
- Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:
– ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;
– тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
– өнімдерді өткізу мерзімдерін;
– тамақ дайындау сапасын;
– тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;
– ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.
- Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.
- Комиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады.
Бракераждық комиссияның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілік мүшелерін, өндіріс меңгерушісін, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдерін міндетті түрде қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бракераждық комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адамды, оның ішінде осы мектептің ата-аналар қауымдастығының ішінен кемінде 3 адамды құрауы тиіс. Комиссияның жекелеген мүшелерінің болмауы оның қызметіне кедергі болмайды.
Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.
- Комиссия қызметінің циклограммасы:
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға:
– тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Комиссия күн сайын:
- пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырады (тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталады);
- мәзірдің дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
- тамақтану сапасының мониторингі актісін ресімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне және (немесе) қызметті жеткізушіге алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асырады.
Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы кейіннен олар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарала және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырыла отырып, ақпарат түрінде ресімделеді.
Әр жылдың мамыр, қаңтар айларында комиссия қызметінің қорытындысы жалпы ата-аналар жиналысында қаралады.
Бракераждық комиссия:
- негізгі өнімдерді салу кезінде мезгілімен қатысуы;
- тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асыруы (осы құжаттардың ксерокөшірмелері бракераждық комиссияның төрағасында сақталады);
- тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексеруі;
- дайын тамақты органолептикалық бағалауды (оның түсін, иісін, дәмін, консистенциясын, қаттылығын, шырынын және т. б. анықтау) «Дайын өнімнің бракераж журналына» органолептикалық бағалау нәтижелерін енгізе отырып жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізуі, бағалауды комиссия мүшелерінің жеке қолдарымен растауы;
- бракераж жүргізу кезінде «Технологиялық карталарға» сәйкес тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындау технологиясы мен сапасына қойылатын талаптарды басшылыққа алуы;
- өз функцияларын арнайы берілетін таза киімде (халатта, комбинезонда, бас киімде, аяқ киімде және т. б.) жүзеге асыруы қажет.
- Бракераждық комиссия қызметінің нәтижесі:
- көрсетілетін қызметті, тауарларды жеткізушілердің кінәсінен балалар, ересектер уланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген тексерулердің нәтижелері расталған кезде өнім берушімен Шартты дереу бұзу және өнім берушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз жіберу;
2) бұзушылықтар анықталған кезде бракераждық комиссия:
– анықталған бұзушылықтар туралы қызметтерді, тауарларды жеткізушіні және білім беру ұйымының басшысын хабардар етеді;
– 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау мақсатында тексеру актісімен қоса анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, өтініш жолдайды;
– бұзушылықтарды жоюға 5 (бес) жұмыс күнін ұсынады.
3) бұзушылықтар қайта анықталған кезде бракераждық комиссия:
– қызметтерді, тауарларды жеткізушіні және білім беру ұйымының басшысын анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді;
– 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып және жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау мақсатында тексеру актісін қоса бере отырып, өтініш жібереді;
– «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органдардың жоспардан тыс қайта тексеру нәтижелерін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартты бұзу және жеткізушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа талап арыз береді.
– сот шешіміне дейін тамақтану сапасын күнделікті бақылауды ұйымдастырады.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметін талдауды және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган және Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ жүзеге асырады.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
Күні ____________
№______________
Білім беру ұйымы ________________________________________________________
Қызметті жеткізуші (болған жағдайда)________________________________________
Мынадай құрамдағы комиссия:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Асханаға, ас блогына келесі параметрлер бойынша тексеріс жүргізді:
Көрсеткіш | Талап етіледі | Сәйкес келеді | Сәйкес келмейді | Ескерту | |
Объектінің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы | |||||
Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары | |||||
Күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі | |||||
Асхананың жұмыс кестесінің сақталуы | |||||
Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралықты сақтау | |||||
Еркін мәзірге арналып бекітілген прайс | |||||
Ауыз су режимін ұйымдастыру | |||||
Дайын өнімнің сапасы | |||||
Бақылаудағы тағамның болуы | |||||
Дайындалған өнімнің органолептикалық қасиеті | |||||
Технологиялық картаға сәйкестігі | |||||
10 порцияны бақылап өлшеу | |||||
1 тағамды үлестіру желісі (мармит) | |||||
2 тағамды үлестіру желісі (мармит) | |||||
3 тағамды үлестіру желісі (мармит) (алюминий ыдыста суытуға тыйым салынады) | |||||
Тарату жағдайы (ылғалды затты пайдалануға тыйым салынады) | |||||
Асханалық аспаптарды дұрыс сақтау (кассеталардың болуы және қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып сақтау ) | |||||
Тағамды дәрумендендіру | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Тамақпен байланысты емес тауарларды сатудың болуы | |||||
Тамақ ішуді ұйымдастыру | |||||
Отыратын орындар саны | |||||
Қол жуатын раковиналардың саны | |||||
Сабынның болуы | |||||
Кептіргіштердің болуы | |||||
Жиһаздың жағдайы | |||||
Үстелдерді өңдеуге арналған құрал | |||||
Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі | |||||
Ыдыстың қосалқы жиынтығының жеткіліктілігі және болуы | |||||
Асхананың санитариялық жай-күйі | |||||
Жинау мүкәммалы (таңбалау, жеке сақтау орны) | |||||
Ас блогы үй-жайларының жай-күйі | |||||
«Ыдыс жуу ережесі» маңдайшасының болуы | |||||
Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің, су жылытқыштардың жарамдылығы | |||||
Су бұру жүйелерінің жарамдылығы | |||||
Жылу жүйелерінің жарамдылығы | |||||
Жарықтандыру жүйелерінің жарамдылығы | |||||
Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасының, ылғалдан қорғанышы бар шамдардың болуы | |||||
Асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлардың болуы | |||||
Жуу құралдарының болуы | |||||
Жуу құралдарын сақтау және таңбалау шарттары (жеке жабық ыдыста) | |||||
Жуу құралдарын сақтау мерзімдерін сақтау | |||||
Жуу құралдарына сертификаттардың болуы | |||||
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың болуы | |||||
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған сыйымдылықты таңбалау | |||||
Тамақ қалдықтарына арналған контейнерлерді өңдеу (не өңделеді және кім жауапты) | |||||
Ағындылықты сақтау:
– «лас» асхана ыдыстарын жинау; – жуу және өңдеу процесі; – таза асхана ыдыстарын сақтау |
|||||
Тазалау кестесінің болуы | |||||
Өнімдерді сақтау шарттарын сақтау | |||||
Қоймалар | |||||
Сусымалы өнімдерді тұғырықтарда, тауар қойғыштарда, стеллаждарда сақтау | |||||
Температуралық-ылғалдылық режимін сақтау. Қоймада термометрдің, гидрометрдің болуы | |||||
Тауар көршілестігін сақтау | |||||
Тамақ өнімдерінде жарамдылық мерзімдерінің болуы және сақталуы | |||||
Көкөністерді жәшіктерде, тауар қойғыштарда, тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақтау | |||||
Қоймалардың санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Тоңазытқыштар | |||||
Тоңазытқыш жабдығының мақсаты туралы таңбалау | |||||
Термометрлердің болуы | |||||
Тауар көршілестігін сақтау | |||||
Тамақ өнімдерінде жарамдылық мерзімдерінің болуы және сақталуы | |||||
Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Тәуліктік сынамаларды сақтау шарттары мен дұрыстығы | |||||
Ет цехы | |||||
Жабдықтар мен мүкәммалды таңбалау | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Көкөніс цехы | |||||
Жабдықтар мен мүкәммалды таңбалау | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Ұн цехы | |||||
Жабдықтар мен мүкәммалды таңбалау | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Нан цехы | |||||
Жабдықтар мен мүкәммалды таңбалау | |||||
Нан сақтауға арналған сөрелерді өңдеуге арналған 1% сірке суы ерітіндісінің болуы | |||||
Нан үгіндісін жинауға арналған ыдыс пен щетканың болуы | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған өнімдердің болуы | |||||
Пісіру цехы | |||||
Жабдықтар мен мүкәммалды таңбалау | |||||
Электр жабдықтарының жарамдылығы және жай-күйі | |||||
Жерге тұйықтаудың болуы, резеңке кілемшелердің болуы | |||||
Механикалық желдетудің жай-күйі | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Персоналдың қол жууы және кептіруі үшін жағдайлардың болуы. Асхана қызметкерлерінің жеке және өндірістік гигиенасын сақтау | |||||
Жұмыртқаларды сақтау және пайдалану | |||||
Сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттардың болуы | |||||
Жұмыртқаны сақтау шарттары | |||||
Жұмыртқаны жууға және өңдеуге арналған таңбасы бар сыйымдылық | |||||
Жұмыртқа жууға арналған құрал | |||||
Бактерицидті шамның болуы | |||||
Буфет | |||||
Мөрмен немесе қолмен расталған сатылатын буфет өнімдері ассортиментінің тізбесі (прайс-парақ) | |||||
Баға белгілерінің болуы | |||||
Сақтау шарттарын сақтау | |||||
Сату шарттары мен мерзімдерін сақтау | |||||
Санитарлық жағдайы | |||||
Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы | |||||
Құжаттар | |||||
Тамақ өнімдерін жеткізушілермен жасалған шарттар | |||||
Автокөлікке арналған хабарлама (азық-түлікті жеткізуге рұқсат беру) | |||||
Сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар | |||||
Түскен өнімді өткізу мерзімі | |||||
Келіп түскен өнімнің сапасы, нормаларға сәйкестігі | |||||
Тағам дайындаудың технологиялық карталары | |||||
Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераждық журналы | |||||
«С-дәрумендендіру» журналы | |||||
Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы | |||||
_________ _ ж. ________ ас өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосы | |||||
Жұмыс орнында медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткені туралы белгісі бар ас блогы қызметкерлерінің жеке медициналық кітапшаларының болуы | |||||
Ас блогының жұмысшыларында бөгде заттардың, іріңді аурулардың және жаралардың болуы | |||||
«Денсаулық» журналы ас блогы қызметкерлерін тексеру нәтижелері туралы | |||||
Толық тазалау жүргізу журналы | |||||
Тоңазытқыштардың температуралық режимін тіркеу журналы | |||||
Өндірістік бақылау бағдарламасының болуы | |||||
Тұрмыстық бөлме | |||||
Арнайы киімнің қосалқы жиынтығының болуы | |||||
Қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкафтың болуы | |||||
Арнайы киімді сақтауға арналған шкафтың болуы | |||||
Душ бөлмесі, ванна бөлмесі | |||||
Асхана қызметкерлерінің сыртқы келбеті (форманың тазалығы, ұқыптылығы, арнайы киімнің толық жиынтығында жұмыс істей ме) | |||||
Жинау мүкәммалы, олардың жеткіліктілігі, таңбалануының болуы | |||||
Жинау мүкәммалын, таңбалауды сақтауға арналған жеке үй-жайдың (арнайы орындардың) болуы | |||||
Дезинфекциялық құралдардың, ілеспе құжаттардың болуы. Оларды сақтау шарттары. | |||||
Москит торының болуы | |||||
Жиыны | |||||
Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Комиссияның қолдары:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өнім беруші (қызметті жеткізуші тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) және/немесе жауапты аспаз (білім беру ұйымы тамақтандыруды ұйымдастырған кезде) танысты ________________ (қолы)
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
- Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ (бұдан әрі – Сараптамалық топ) тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдауды жүзеге асырады және балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Сараптамалық топтың міндеттері:
– бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;
– балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;
– өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
– байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;
– өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
– халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.
- Сараптамалық топ адалдық, құзыреттілік, парасаттылық және ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.
- Сараптамалық топ келісім бойынша әкім аппаратының, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері жөніндегі басқармалардың, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ балалық шақ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Топтың құрамы қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін.
Сараптамалық топты білім басқармасының басшысы басқарады.
Сараптамалық топтың төрағасы немесе төрағасының орынбасары жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін үйлестіреді және Сараптамалық топқа жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
Сараптамалық топтың хатшысы Сараптамалық топтың мүшелерін және шақырылғандарды отырыстың күні, күн тәртібі және басқа да мәселелер туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, Сараптамалық топтың мүшелеріне шешімдердің жобаларын және өзге де құжаттарды жіберуді жүзеге асырады.
Сараптамалық топ мүшелерінің саны кемінде 7 адам, оның ішінде ата-аналар қауымдастығынан кемінде 3 адам болуы тиіс.
Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.
Сараптамалық топтың түрі:
– аудандық;
– қалалық;
– облыстық.
- Сараптамалық топ өз қызметін:
- Сараптамалық топтың отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жоспарға;
- мониторингтің жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдардың отырыстары мен мониторингін Сараптамалық топ қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді және егер оларға оның мүшелерінің 1/3 бөлігі қатысса, заңды болып саналады.
Сараптамалық топ келесі бару жоспарына сүйене отырып, тамақтану сапасын ұйымдастыру бойынша мониторингтің жоспар-кестесін жасайды:
- қалалық / аудандық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде білім беру ұйымдарының 100%-на барады (тоқсанына 25%);
- облыстық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде өңірдің білім беру ұйымдарының кемінде 28%-ына (тоқсанына 7%) барады.
Сараптамалық топтың шешімі қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың актісімен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Білім беру ұйымдарына барған кезде Сараптамалық топ білім беру ұйымының басшысын, қызметті жеткізушіні (бар болса) білім басқармасының мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен таныстырады.
Сараптамалық топтың жұмыс нәтижелері туралы білім беру мекемесі, ата-аналар комитеті, қызметті жеткізуші (бар болса) хабардар етіледі.
- Сараптамалық топ мынадай функцияларды орындайды:
- өңірдің білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін өнім ассортиментінің мониторингін жүргізеді. Бұл үшін актіге сәйкес тиісті құжаттама мәліметтерінің дұрыстығын салыстырып тексеруге құқылы;
- нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тамақтану рационын сапалы жақсарту, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылдайды, тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін тамақ дайындау процесінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын куәландыратын тиісті құжаттардың болуына мониторинг жүргізеді;
- фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып, терапевт қорытындысымен флюро тексеруден өткені туралы анықтама болған кезде бір өкіл қол жеткізе отырып, ас блогын, қойма үй-жайларын, технологиялық жабдықты және т. б. көзбен шолып тексеру;
- қажет болған жағдайда Сараптамалық топ алдыңғы күндердегі бейнежазбаны (бар болса) қарауды жүзеге асырады;
- тамақтануды ұйымдастыру және сапасы бойынша балалардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) пікірін зерделеу.
- Сараптамалық топ:
- балалардың тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссия мүшелерін тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша олардың қызметі туралы тыңдауға;
- бұзушылықтар анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тиісті өтінішпен жүгінуге;
- балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау, тиісті құжаттаманы жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау бойынша білім беру ұйымының әкімшілігін тыңдауға;
– ата-аналардың (заңды өкілдердің) тамақтануды ұйымдастыру және оның сапасы туралы жұмысқа берген бағасын қамтитын шағымдарымен танысуға, олар бойынша түсініктеме беруге;
– қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде конкурстық комиссияға бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.
- Сараптамалық топтың мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сараптамалық топтың тамақтанудың ұйымдастырылуына және сапасына мониторинг жасаумен айналысатын мүшелері актілерде ұсынылған фактілердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
- Сараптамалық топтың қызметін регламенттейтін қажетті құжаттама:
– Сараптамалық топтың құрылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;
– Сараптамалық топтың бір жылға арналған жұмыс жоспары;
– отырыстар хаттамалары;
– жоспар-кесте;
– мониторинг актісі (ай сайынғы бақылау);
– жыл қорытындылары бойынша қызметті талдау.
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі
ведомствоаралық сараптама тобының актісі
Бару күні ____________
№______________
Сараптамалық топтың мүшелері (Т.А.Ә., лауазымы) мынадай
құрамда:_______________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы________________________________________________
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы – білім беру ұйымының басшысы _________________________________________________
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераждық комиссия) мүшелерінің құрамы (Т.А.Ә., лауазымын көрсете отырып): _______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қызметті жеткізуші (болған жағдайда)________________________________________
Асхананың (ас блогының) қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының №, күні____________________________________________________
Білім беру ұйымының контингенті (адам): _____________________________________
Ас блогы қызметкерлерінің саны, (адам): ________________________ (Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігі (31.10.2018 ж. №598 бұйрықтың 22-тармағы 2020 жылғы шілдеден бастап жасалған шарттарға қатысты)
№ | Көрсеткіш | Сәйкес келеді (бар) | Сәйкес келмейді (жоқ) | Ескерту |
1 | Бракераждық комиссия құру туралы бұйрықтың болуы | |||
2 | Бракераждық комиссияның оқу жылына арналған жұмыс жоспарының болуы | |||
3 | Тиісті құжаттаманың (актілер, өтініштер, хат алмасу және т. б.) болуы | |||
4 | Балалардың тамақтануын ұйымдастыру (асханаға ұйымдасқан түрде баруды қамтамасыз ету) | |||
5 | Балалардың тамақтануы үшін жағдай жасау (раковиналардың, кептіргіштердің болуы және жағдайы, сабынның болуы және т. б.) | |||
6 | Тамақтану залының жалпы санитарлық жағдайы және эстетикалық безендірілуі | |||
7 | Білім алушылардың ауыз су режимін сақтау | |||
8 | Дайын тағамның шығуы көрсетілген мәзірдің болуы (перспективалық, білім беру органы бекіткен, күнделікті) | |||
9 | Балалардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ бекіткен бір реттік тамақтану нормаларына сәйкестігі (15- қосымша) | |||
10 | Күнделікті мәзірдің перспективалы мәзірге сәйкестігі (барған күні) | |||
11 | Нақты тамақтану рационының (барған күні) күнделікті, перспективалық мәзірге сәйкестігі | |||
12 | Балалардың, ата-аналардың тамақтану сапасы бойынша сұрауы, сауалнамасы | |||
13 | Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, олардың пайдаланылатын тізбесі туралы мәліметтердің болуы (сертификаттардың көшірмелері) | |||
14 | Балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу | |||
15 | Білім беру ұйымының сайтында, «Күнделік» жүйесінде балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпаратты жүйелі түрде орналастыру (тағамдардың фотолары бар ас мәзірі, жоспарлар, бракераждық комиссияның актілері) |
Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(қолдары)
Білім беру ұйымының басшысы таныстырылды____________________ (қолы)
Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20478 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданыста енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 13-қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының он екі, жиырма төртінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының тоғызыншы, он сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
2020-2021 оқу жылының сәуір, мамыр айларында Меркі ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының, 10 қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес 2020-2021 оқу жылының соңғы сәуір,мамыр айларында ата-аналардың өтініштерінің негізінде сәуір айында 1887, мамыр айында 1914 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
2021 жылдың 31 наурыз күні аудан мектептерінде ІҮ тоқсанда тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша аудандық вебинар өткізілді.Вебинарда жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру, асханаға отырғызу, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптарды қатаң сақтай отырып, асхана жұмысын ұйымдастыру туралы айтылып, нормативтік құжаттармен таныстырылды.
Сәуір айында бір мезгіл ыстық тамақпен 842 отбасынан қамтылған 1887 оқушының 1642-сі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, 52 оқушы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар 193 оқушы білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған білім алушылар мен тәрбиеленушілер.
Ал мамыр айында 852 отбасынан қамтылған 1914 оқушының 1673-і мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, 51 оқушы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар, 190 оқушы білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған білім алушылар мен тәрбиеленушілер.
2020-2021 оқу жылының ІҮ-тоқсаныныда аудан мектептерінің асханаларында тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұйымдастырылды
Қазіргі таңда ауданның білім беру мекемелерінде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды орындауда «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46-қосымшасын қатаң басшылыққа ала отырып,мектеп асханаларының жұмысы ұйымдастырылды. Барлық мектеп асханалары қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды,маскалық режимді сақтай отыра жұмыс жасауда.
Аудан мектептептеріндегі тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру 2022-2023 жыл
2022-2023 оқу жылында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ құрылып, аудандағы асханасы бар мектептердің тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдау жүргізетін болады. Ведомствоаралық сараптамалық топтың бұйрығы рәсімделіп,іс-шара жоспары жасалды.Сонымен қатар білім беру ұйымдарында оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарына бақылауды күшейту мақсатында мектеп асханаларына мониторинг жүргізудің кестесі бекітілді.
Аудан мектептептеріндегі тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру 2022 жыл
2022-2023 оқу жылында аудандағы асханасы бар барлық білім білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 7–тарауын басшылыққа ала отырып, обьектілердегі тамақтану жұмыстары ұйымдастырылды. Биылғы 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы ( ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949) қаулысын басшылыққа ала отырып төмендегідей жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің отбасыларынан өтініштер қабылданады.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары бойынша ата-анадан өтініш қабылданды.
Ата-аналардың өтініштерінің негізінде асханасы бар білім беру мекемелерінде 1982 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
2022-2023 оқу жылындағы асханасы бар білім беру мекемелеріндегі перспективалық ас мәзірі
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ АС МӘЗІРІ 2023 ЖЫЛ
Қаңтар айының ас мәзірі
Ақпан айының ас мәзірі
Мектеп асханаларында