Мемлекеттік сатып алу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША 25 (ЖИЫРМА БЕС) ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қосымша 25 (жиырма бес) орынға конкурс жариялайды.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан «Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:
1) «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының (Бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.
Мектепке дейінгі ұйымдар конвертке салынған, мөрленген конкурсқа қатысуға өтінімдерді мына мекен жайда орналасқан: индекс 080508, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі, № 145 «А», 1-қабат, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу бөліміне тапсырады (жолдайды).
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2021 жылғы 21 сәуір сағат 18.30 (қоса алғанда). Өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 22 сәуірде сағат 11:00-де Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі, № 145 «А» мекен-жайы бойынша, 1 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімінде ашылады. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындардың санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (72632) 4-40-85, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінен.
«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімі» мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізетінін хабарлайды.
Өткізілу орны: Меркі ауылы Исмаилов көшесі №145
Меркі ауданының білім бөлімі
Құжаттарды қабылдау күні: 14-16.12.2022 ж
Уақыты: 10.00-17.00
Конкурстың өту күні: 21.12.2022 ж.
Уақыты: 9.00-18.30
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының (бұдан әрі –Қағида) 14,15 тармақтарына сәйкес:
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру туралы мәлімет;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері
3 күн ішінде –Қағиданың 14-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау жүргізіледі;
- Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ( бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
7 күн ішінде –конкурстық комиссия Қағиданың 15-тармағына сәйкес құжаттарды жоғарыда көрсетілген мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы қарайды.
№ | Елді мекендер атауы | Мектепке дейінгі ұйымдар атауы | Бала саны |
Мемлекеттік ұйымдар: 16(2022 бала) |
|||
1. | Меркі ауылы | «Балдаурен» бөбекжай-бақшасы | 280 |
2. | Меркі ауылы | «Балдырған» бөбекжай-бақшасы | 140 |
3. | Меркі ауылы | «Балауса» бөбекжай-бақшасы | 145 |
4. | Меркі ауылы | «Санаторный» бөбекжай-бақшасы | 40 |
5. | Сарымолдаев ауылы | «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы | 240 |
6. | Сарымолдаев ауылы | «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы | 140 |
7. | Қостаған ауылы | «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы | 40 |
8. | Ақарал ауылы | «Бөбек» бөбекжай-бақшасы | 140 |
9. | Жеміс-жидек ауылы | «Айым» бөбекжай-бақшасы | 130 |
10. | Жамбыл ауылы | «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы | 280 |
11. | Ойтал ауылы | «Ақбота» бөбекжай-бақшасы | 70 |
12. | Тәтті ауылы | «Арайлы» бөбекжай-бақшасы | 47 |
13. | Андас батыр | «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы | 140 |
14. | Сұрат ауылы | «Балапан» бөбекжай-бақшасы | 70 |
15. | Ойтал ауылы | «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы | 90 |
16. | Ақермен ауылы | «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы | 30 |
Жекеменшік ұйымдар: 13 (1340 бала саны) |
|||
17. | Меркі ауылы | «Күншуақ-Е» бөбекжай-бақшасы | 125 |
18. | Меркі ауылы | «Айдана-Айда» бөбекжай-бақшасы | 230 |
19. | Сарымолдаев ауылы | «Меркілік-Әміржан» бөбекжай-бақшасы | 75 |
20. | Ақермен ауылы | «Шахнұр» бөбекжай-бақшасы | 75 |
21. | Жамбыл ауылы | «Қаршыға» бөбекжай-бақшасы | 75 |
22. | Жамбыл ауылы | «Көгершін» бөбекжай-бақшасы | 75 |
23. | Жеміс-жидек ауылы | «Бал-бала» бөбекжай-бақшасы | 95 |
24. | Жеміс-жидек ауылы | «Мөлдір-Меркі» бөбекжай-бақшасы | 150 |
25. | Ойтал ауылы | «Ботакөз» бөбекжай-бақшасы | 150 |
26. | Т.Рысқұлов ауылы | «Мейірім Меркі» бөбекжай-бақшасы | 50 |
27. | Ақтоған ауылын | «Ерсұлтан» бөбекжай-бақшасы | 140 |
28. | Кеңес ауылы | «Нұрбақыт» бөбекжай-бақшасы | 50 |
29. | Кеңес ауылы | «Таң нұры-2022» бөбекжай-бақшасы | 50 |
Мектеп жанындағы мемлекеттік шағын орталықтар: 10 (400 бала) |
|||
30. | Аспара ауылы | №2 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 50 |
31. | Арал Қыстақ | №3 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 50 |
32. | Интерноциональный | №7 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 30 |
33. | Гранитогор | №8 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 50 |
34. | Ойтал ауылы | №12 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 50 |
35. | Сыпатай ауылы | №16 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 50 |
36. | Екпінді ауылы | №22 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 30 |
37. | Мынказан ауылы | №30 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 25 |
38. | Талдыбұлақ | №35 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 35 |
39. | Тескентоған | № 23 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық | 30 |
Барлығы | 39 |
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН АЛУҒ КОНКУРСТЫҚ РӘСІМГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНҒАН ҚҰЖАТТАРЫ
АЙЫМ БӨБЕКЖАЙ БАКШАСЫ https://drive.google.com/file/d/13kzJsfvfY3FmvBGgq6gS-iuZfgSmXCgL/view?usp=share_link
АКБОТА БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1RFENQ3VR6IQIdj56qSCjCDtsHrbTo8Wb/view?usp=share_link
АРАЙЛЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/15_-vtvD0TBjFx2875kQCchcNXrLXHhc6/view?usp=share_link
БАЛАПАН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1wjJvc9iDkfWOeudCL0e_fOWo1sRERoCX/view?usp=share_link
БАЛАУСА БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1nbzNTfYWyPdMLQ4SvnaweJm80iyqrqgu/view?usp=share_link
БАЛБӨБЕК БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1rqa1pQ1TKRroe7I5fVKEY7LDcLV4T9Il/view?usp=share_link
БАЛДӘУРЕН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1bK__JySpxpxlgTNxSHJeNZiVkJxe-wxT/view?usp=share_link
БАЛДЫРҒАН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/12i8MJC0eq7Qk3HnFAhZ8pMHwAJbYW7BN/view?usp=share_link
БӨБЕК БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1k7ZDMgA-eh7vIIOTIBELkQr34kPe1HHR/view?usp=share_link
БҰЛДІРШІН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1jtwrAv139Jj0Vhee-RhcocsmSyuobdD2/view?usp=share_link
ЕРТӨСТІК БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1L9wmbBB_X-AgLNR2l0N8P7kFOacQnFi5/view?usp=share_link
ҚАРЛЫҒАШ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1vgNx5FwEWGUpT6_AuFWvF_49tC8M0BcA/view?usp=share_link
НҰРШУАҚ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1Cr10V8Gqzcjb5_5ApA6SHAi9tPr-imwK/view?usp=share_link
САНАТОРНЫЙ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/15TDdFGC1rBQOQhHnT4OdeFRStmb2CwUq/view?usp=share_link
ТАҢШОЛПАН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/14LR8kUu8uzNorKnLLeo47W-WG4hadZp-/view?usp=share_link
АЙБӨБЕК БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/14jxVcdqL6Tm4nBqxKdHNu-ycpTXx3tOa/view?usp=share_link
АЙДАНА АИДА БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1WyA64r6cBqwGJo3t3En9A6NxYweLb-qv/view?usp=share_link
АМИРЖАН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1atkVy5OjbG-mpTl-79W18hqf7PDKq133/view?usp=share_link
БАЛ БАЛА БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1vh2urP8bRKVLSGxxxHJGU19pYyP99Gt_/view?usp=share_link
ЕРСУЛТАН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1b6VTccKm9-9tVIU_v4f0A_0aB7twCvX7/view?usp=share_link
ҚАРШЫҒА БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫhttps://drive.google.com/file/d/1LchPZeky7Cc_ujm70TTUQMe84bq8DZVB/view?usp=share_link
КӨГЕРШІН БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1rI1k3iiMgNHGYJ397kQ_p7delGWk03Wv/view?usp=share_link
КҮНШУАҚ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1WbvLj96z_AInUreilqhFqjnAL1Qg2X_f/view?usp=share_link
МЕЙРІМ МЕРКЕ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1FNiQYDljAqBHdZt7WS9lj43k4KtUBR_7/view?usp=share_link
МӨЛДІР МЕРЕК БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1jVayhvmUjLwFA1qasVJiwGT8bUAFwDcr/view?usp=share_link
НҰРАЙ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1jVayhvmUjLwFA1qasVJiwGT8bUAFwDcr/view?usp=share_link
НҰРБАХЫТ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1kT4h1VZPxMPUETfr1FBWjNmq2nbMcPpK/view?usp=share_link
ТАҢ-НҰРЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1qPY9CMWCalZEgGhLljH2-dVNFsR7A1KK/view?usp=share_link
ШАХНҰР БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ https://drive.google.com/file/d/1O-fzxzNOKS1nNP4kr7IYJam8CUBMRySR/view?usp=share_link
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН АЛУҒ КОНКУРСЫ