Мың бала олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасын іске асыру аясында еліміздегі ауыл оқушылары арасында болған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының үздіктері марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын аудан әкімі Өмірбек Мейірхан Азатұлы қабылдап, зияткер балаларға сәттілік тілеп, болашақтарына айрықша сенім білдірді.
Екі кезеңде өткен жобаға 4266 ауыл мектебінің 5 және 6 сыныптарының 295 мың оқушысы қатысып, нәтижесінде 1000 жеңімпаз іріктелді.
Жеңімпаздар арасында ауданның бес оқушысы да бар. Олар: №1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясының оқушысы Жандарбек Нұрбақыт, Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп- лицейінің оқушылары Клюшниченко Виктория, Шмидт Ангелина, Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясының оқушысы Қуатқызы Камиля, №28 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Еркін Тоғжан.
Олимпиада ережесіне сәйкес қазіргі таңда жеңімпаздар мен қатысушылар еліміздегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге конкурстан тыс қабылданып, Елбасы Академиясы жанындағы «Бірге оқу» онлайн мектебінде пәндік дайындықтан өтуде.
Білім бәйгесінде өза шауып, үздіктердің қатарынан көрінген жеңімпаздарға «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры атынан дипломдар мен ноутбуктарды Меркі ауданы әкімі Өмірбек Мейірхан Азатұлы табыс етті.
Зияткер оқушылар жеңісі құтты болсын!