Облыстық конкурстан нәтижелі оралды
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау мақсатында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Конкурсқа ауданнан төрт номинация бойынша 9 сыныптан 2 оқушы, 10 сыныптан 2 оқушы қатысты.
Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушылар Қазақстан тарихынан тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде төрт номинация бойынша жұмыстарын қорғады. Конкурс қорытындысында «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Владимир Савва атындағы №9 мектеп- лицейдің 10 сынып оқушысы Жұмабек Олжас ІІ дәрежелі дипломмен, «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Темірбек Қожакеев атындағы №39 мектеп- гимназиясының 9 сынып оқушысы Сулейман Диана, «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша №5 Ақарал мектеп- гимназиясының 9 сынып оқушысы Қыдырбек Айсезім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Владимир Савва атындағы №9 мектеп- лицейдің 10 сынып оқушысы Жақсылық Диана Алғыс хатқа ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!