Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» жеңімпаздары
Қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне терең үңіліп, аудандық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауында үздік атанып, байқаудың облыстық кезеңінде де суырылып танылған «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (мәнерлеп оқу) номинациясы бойынша №13 М. Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тоқтағұлова Арунай 2-орын, Тілеміс батыр атындағы №4 мектеп оқшысы Аманқұл Нұрай 3-орын иегерлері атанды.
№ 35 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Бейсембек Гүлайым «Жыр эстафетасы» бағыты(поэмаларын жатқа оқу) бойынша 2-орын алды.
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Құлмаханбетқызы Бибінұр «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!