Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен вебинар өтті
Аудандық білім бөлімі 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді. Вебинарды орыс тілі мен әдебиеті әдіскері Г. А. Ізбасарова ашып, қорытынды аттестаттауды жаңа форматта өткізуге дайындықтың маңыздылығын атап өтті. И. Трубицын атындағы № 17 ЖББМГ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.У. Каймалакова «Қазақ тілінде оқытатын 9-сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауды өткізу ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі О.Н.Ахметова «Орыс тілінде оқытатын 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» туралы айтты. Сөз сөйлеушілер мұғалімдерді қорытынды аттестаттаудың ережесіне, тапсырмалардың ерекшеліктеріне, бағалауды дұрыс жүргізуіне тоқталып, ұстаздарға тапсырмалардың, эссе жазудың ерекшеліктері көрсетілді. Вебинарға қатысушылар білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау үшін мұғалімнің жұмысын дұрыс ұйымдастыру туралы ақпарат алды.