Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі , салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолдарын қарастыру, ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі арттыру.
№21 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарда аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А. Б.Төлетбекова, С.А. Метеркулова, «Берекелі шаңырақ» жобасы аясында бірлесіп жұмыс атқарып жүрген ата- апаларымыз, ауданымыздың қадірлі азаматтары бас қосты.
Аймақтақ семинарда шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жылы сөзі, ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйласымдылығы берік болу керек, «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
№21,№3,№8 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен педагогтары «Тәрбие-отбасынан басталады»,«Қара пима» поэмасы, «Ажыраспаңдар» театрлық қойылымдарды көрсетті. Көрсетілген көріністер төңірегінде дөңгелек үстел қатысушылары, қоғамдық кеңес мүшелері ой қозғап, ақыл- кеңестерімен бөлісті.