Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының жеңімпазы марапатталды
2022 жылдың наурыз айында Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық және республикалық кезеңдері өтті. Нәтижесінде облыстық кезеңде Меркі ауданынан «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының «Юный садовод» үйірмесінің білім алушысы Федоров Сергей «Менің кәсібім – менің бизнесім» жобасымен облыстан жүлделі І орынды иеленсе, республикадан да І жүлделі орынды иеленіп аудан абыройын үстем етті. Жеңімпазды аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева құттықтап, диплом мен бағалы сыйлығын табыс етті. Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында. Осындай білімді, дарынды жастарымызға тек сәттілік тілейміз!