Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру және ақынның әдеби-тарихи деректерге толы шығармалары мен фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларымен таныстыру арқылы білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінде:
«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша №5 Ақарал мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Ибрайм Нұрай І дәрежелі дипломмен;
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Доскара Ұлжан ІІ дәрежелі дипломмен;
«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Оркенқызы Құралай ІІІ дәрежелі дипломмен;
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша №23 Тескентоған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Маңызқызы Зере ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!