Роботтар байқауы-ізденіс арқауы
Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Казроботикс Федерациясы» РҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен «KazRoboSport-2023» чемпионатының облыстық іріктеу кезеңіне аудан бойынша 7 жалпы орта білім беретін мектептерінен 10-17 жас аралығындағы 25 білім алушы қатысты.
Чемпионаттың нәтижесінде «ARQAN TARTYS» санаты бойынша №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып білім алушылары Көшербай Айсұлтан, Ислам Бақыт жүлделі ІІ орынды, «Робо-сумо 10*10» санаты бойынша И.Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің 7,10 сынып білім алушылары Тен Ян мен Тохтобаев Салим ІІІ орынды жеңіп алды.
ІІ,ІІІ орын иеленген жүлдегерлерге Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты IT Академиясында тегін оқуға Сертификат берілді.