2022 жылдың 6 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімдерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Іс- шара барысында педагогтерге ел президентінің елді нығайту жолындағы бес бағыты: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар, мемлекеттік басқаруды қайта жүктеу, заң және тәртіп туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, тарихшы мұғалімдер ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін сапалы жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасты.
Іс-шараға аудан мектептерінен 36 тарих пәні мұғалімдері қатысты.