Ыстық тамақ сапасы тексерілді!!!
Меркі ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде 2021 жылы Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен білім алушыларды мектеп асханасынан тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында құжаттар жинақталған.
Аудандағы асханасы бар 31 білім беру ұйымдарында 1817 білім алушылар тегін тамақпен қамтылды.
Мектеп асханаларының жұмысы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «25» тамыздағы № 36 қаулысының 2-қосымшасын, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды қатаң басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделген, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылған.
Асхананың жұмыс режимі тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) кемінде 20 минут үзіліспен мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша белгіленген.
Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында мектеп асханалары тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
Мектеп асханаларынада көрсетілетін қызметті «Карабаев» ЖШС – тері жүзеге асыруда. Зерделеу барысында мектеп басшыларына тамақтың сапасына, ас мәзірі бойынша талапқа сай берілуін күнделікті қадағалап отыруға тиісті тапсырмалар берілді.