Сіздерді шуақты көктемнің ең әдемі мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
ХХ ғасыр басында әйелдер құқықтарын қорғауға үндеген саяси науқан түрінде басталған бұл мереке – қазіргі кезде барлық әйелдер қауымы асыға күтетін ең жарқын мереке. Көктемнің бұл мерекесі – аналардың, қыздардың болмысына тән ізгі қасиеттерді асқақтатып, құрметтейтін, ең ыстық лебіз білдіретін, алғыс айтатын тамаша күн. Аналар күнін бүкіл еліміз, әрбір отбасы, әр еңбек ұжымы атап өтеді. Бүгінгі қазақ әйелі – қоғамымыздың белсенді азаматы, аяулы жар, мейірімді ана, өз ісінің шебер маманы, жауапты лауазым иесі. Сондықтан да мереке қарсаңында аруларға лайықты құрмет көрсетіледі, алғыс айтылады.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Көктемнің шуағындай әр күндеріңіз нәтижелі, мазмұнды болсын! Ел болашағын тәрбиелеуде халық ықыласына бөлене беріңіздер!
Мерекелік ізгі ниетпен Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы