Қазақстандағы жануарлар әлемін қорғау – басты міндет
Меркі ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары ағымдағы жылдың қазан айында БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастырумен бүкіл әлемдік қызыл кітапқа енген жануарларды сақтап қалу мен қорғау мақсатындағы «Қар барысын бірге сақтайық!» атты сурет байқауына қатысты. Республикалық байқауға қатысқан мектеп оқушылары бірқатар жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп- лицейінің 6-сынып оқушысы Шаева Фаина І орын иеленсе, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 11- сынып оқушысы Есмаханбет Дания ІІ орынды және 5 сынып оқушысы Клемм Виолета ІІІ орынды иеленді. Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтай отырып, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ, жеңімпаз оқушылардың жұмыстарына жетекшілік еткен №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейдің технология пәнінің мұғалімі Д.Кикнадзе мен №39 мектеп гимназияның технология пәнінің мұғалімі К.Сейткуловаларға да арнайы сыйлықтары берілді.