Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімін іске асыру мақсатында аудандағы жалпы білім беретін мектептерінде қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып» атты іс – шарасы ұйымдастырылып өтті. Іс-шараға аудан мектептерінен 17 000 нан аса оқушы қызығушылық танытып қатысып, барысында спорттық жарыстар мен онлайн би қимылдарының челленджі орындалып, музыкалық аспаптарда күй тарту мен терме, эстрадалық әндер орындау бойынша сырттай байқаулар жүргізілді. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз», қашықтан «Би марафоны», «Таланттар әлемі» челленджі, «Пайдалы ойындар» мастер тренингі іс-шаралары оқушылардың ой өрісін дамытып, ептілікке, шапшаңдыққа үйретті. Әсіресе оқушыларға «Отбасылық ғажайып кітап еліне саяхат» виртуалды экскурсиясы, «Затеи января» конкурстық ойын бағдарламасы ерекше әсер беріп, балалардың қыс кезіндегі демалыс күндерінің қызықты өтуіне септігін тигізді.