«ҮЗДІК ӘДІСКЕР- 2021» БАЙҚАУЫ

2021 жылдың 4-5 мамыр аралығында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы әдіскерлердің инновациялық үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, кәсіби шеберлігін көтеру, қолдау және білім беру жүйесіндегі әдіскер мәртебесін арттыру мақсатында облыстық «Үздік әдіскер» байқауы болып өтті.
Облыстық байқау екі кезеңнен тұрды.
І кезеңде әдіскердің инновациялық қызметі туралы шығармашылық есебіне сырттай бағалау жүргізіліп, әдіскердің электронды портфолиосы мен «Әдіскер…Мамандық?…Қызмет?» тақырыбында эссе жазу арқылы өз іс-тәжірибесі мен жетістіктерін қорғады.
ІІ кезеңде әдіскер өзінің кәсіби өсуін ашатын бейнебаян мен инновациялық жобасы арқылы білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың заманауи әдістері іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ауданымыздан «Үздік әдіскер» байқауына қатысқан информатика пәнінің әдіскері Мустафина Балғын Темірболатқызы І орын иеленіп, аудан мәртебесін арттыра түсті. Жеңіс құтты болсын!