ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2022
Баршамызға белгілі қазіргі күні қаңтар айындағы ҰБТ- ге тіркелу жүріп жатыр. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға тіркелу жалпы 24.12-05.01.22 аралығында ашылған болатын, еліміздегі жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып тіркелу мерзімі ұзартылды, яғни 21.01.22 дейін тіркелу ашық. Және де барлық аймақ бойынша 21-22 ақпан күндеріне қосымша тіркелу күндері ашылды.
Сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан 25 қаңтар мен 22 ақпанға ауыстырылды.
Тестілеу «бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера» қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Оқуға түсушінің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылады.
Биыл Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекст мәндегі тест тапсырмалар енгізілді.
Тестілеуге қатысу өз қалауымен жүзеге асырылады. Тестілеу құны- 5640 тг. Әр тестілеуге қатысам деушілер өтініштерді ҰТО сайтындағы https://app.testcenter.kz/
жеке кабинет арқылы онлайн режимде береді. Тестіленушілер тестілеу күнін және орынын өздері таңдайды.
Тестілеу уақыты – 240 минут (4 сағ). Тестіленушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пәнді тапсырады. Тест тапсырмалар саны -120. Жоғары балл саны-140.
Тыйым салынған заттарды пайдалану және басқа бұзушылық фактілер анықталған жағдайда тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге саламыз бұл тестілеуге жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Яғни қаңтар, наурыз және тамыз айындағы ҰБТ нәтижесімен тестіленушілер тек ақылы негізде оқуға түсе алады.
Әрбір тестіленушіге сәттілік!