Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі!
Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың 7 қаңтарда Қазақстан халқына үндеуінде еліміздің әлеуметтік ахуалын дамыту жолында бірқатар өзекті тапсырмалар берілді.
Біздің бүгінгі стратегиялық бағытымыз – балалардың еркін білім алуына кедергілер болдырмау және Президентіміздің проблемаларды нақты шешу жолында жасап жатқан жұмыстарына қолдау көрсету. Балаларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алып отырған жағдайда бейбіт елімізді арандатушылардың ықпалына ермей, қолдан жасалған көтеріліске басу айтып, жағдайды ушықтырмауға бәріміз бірге атсалысуымыз қажет.
Елдің болашағы біздің оқушыларымызға берген біліміне, тәрбиесіне тікелей байланысты.Кешегі ел басына түскен өте келеңсіз оқиғалар біздің жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі ұстанымдарымызды да өзгертуді де талап етеді. Сондықтан да тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беруге баса мән беруіміз қажет. Жас ұрпақты жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік секілді құнды қасиеттерді бойына сіңіре білу, сондай-ақ салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу, рухани бай адам баласын қалыптастыру қажет. Осы тұста Мемлекет басшысы білім саласына қатысты айтқан бірқатар бастамалары баршамыздың көкейімізден шығып отыр. Президенттің білім саласын жаңғырту жайлы тың ойлары, білім грантын екі есе көбейту, білім берудің сапалылығы, мұғалімдер даярлаудағы анайы бағдарлама әзірлеу, елімізде шетелдік алдыңғы қатарлы заманауи оқу орындарының филиалдарын ашу – өте қуанарлық қадамдар.
Әл – Фараби бабамыздың адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы деген қағидасы бүгін де өз өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бұрыннан айтылып келе жатқан «отбасы – мектеп – колледж» үштік одағының байланысын жаңа сапаға көтеру, отбасы институты рөлін арттыру, ұрпақтар сабақтастығымен қатар, педагогикалық сабақтастық дәстүрін де қайта жаңғырту керек.
Осы орайда, біздің міндетіміз кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың, қараусыз қалудың, жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіретін ақпарат, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға шақырып, теріс әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға үндеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп – еліміздің басты приоритеті» деген сөзін ұран қылып, өз еліміздің бейбіт өмірде гүлденуі мен өсуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!
Меркі ауданының білім бөлімі басшысы Алтынбаева Айгерим Аханқызы.