Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен саналы білім беру бүгінгі күннің басты талабы. «Санаторлық» б/бақшасының тәрбиешісі Мусадилова Назира Босынқызы «Ботақан» ересек тобы бүлдіршіндерімен «Қазақтың ою-өрнектері» тақырыбында оқу қызметін ұйымдастырды. Оқу қызметі барысында бүлдіршіндердің тіл байлықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқу қызметін қызықты өткізді.