ӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ
Педагогтердың кәсіби әлеуетін жетілдіру, білім саласындағы инновациялық даму жұмыстары бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мен мектеп директорлары, орынбасарлары, үздік педагогтары 2023 жылдың 28 сәуірінде Меркі ауданы білім бөлімінің жұмысымен танысып, іс- тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы ауданның білім саласының жұмыс бағыттарымен, жеткен жетістіктерімен таныстырды.№5 Ақарал мектеп-гимназиясының директоры Н.Қойшыманова, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің директоры Б.Қыстауов және И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Қалқабаева мектепте атқарылып жатқан іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибелік алаң соңында қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап, ауданның білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді.