2022 жылдың 2 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып білім алушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтті
Республикалық олимпиаданың 5-6 сынып оқушыларына арналған аудандық кезеңі Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің базасында ұйымдастырылды. Олимпиаданың басты мақсаты –пәндерді тереңдетіп оқытуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру.
Ауданның жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-6 сыныптарынан 372 білім алушы қатысты. Математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндерінен бір турда өткізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша әр пән, әр сыныптан І орын алған ,ең жоғарғы ұпай жинаған жеңімпаз облыстық кезеңге қатысады.
1